Орал қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бақытжан Нарымбетов. © instagram.com/uralskakimat Бақытжан Нарымбетов. © instagram.com/uralskakimat

Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Бақытжан Нарымбетов тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Бақытжан Нарымбетов тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

"Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Орал қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бақытжан Нарымбетов 1986 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің түлегі. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат Ұлттық мектебінде білім алған. Әлеуметтану ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2007 жылы үкіметтік емес ұйымдарда бастады. 2013-2014 жылдары - Орал қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы; Орал қаласы әкімі аппаратының ақпараттық-талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлім басшысы; 2014-2016 жылдар аралығында Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы;
Кейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының стратегиялық даму бөлімінің бас инспекторы, облысы әкімі аппаратының стратегиялық даму бөлімінің басшысы; 2017-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болған. 

2018 жылы наурыздан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төраға орынбасары қызметін атқарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro