01 шілде 2017 16:20

Орал қаласының жаңа әкімі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 1 шілдеде Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласының активіне жаңа басшыны таныстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бүгін, 1 шілдеде Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласының активіне жаңа басшыны таныстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін Теректі ауданын басқарып келген Мұрат Мұқаев, Президент Әкімшілігінің және қалалық маслихаттың келісімімен қала әкімі болып тағайындалды.

"Қалалық Мәслихат депутаттары мен Орал қаласы ардагерлерімен бірлесе Мемлекет Басшысының қойған мақсаттар мен міндеттерді орындауда, қала тұрғындарының әл ауқатын арттыру жолында табысты жұмыс тілеймін. Сіздердің алдыңызға бірнеше тапсырмалар қойылады. Біріншіден, Елбасының "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауынан туындайтын іс-шараларды жүзеге асыру. "Нұрлы жол" және "Нұрлы Жер" бағдарламаларын және салалық бағдарламалар бойынша қойылған міндеттерді сапалы орындау. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жүзеге асырылуын қадағалау. Осы жұмыста еңбектеріңізге жеміс тілеймін", - деді облыс әкімі.

Мұқаев Мұрат Рахметұлы 1969 жылы туған.

2 жоғарғы білімі бар (бухгалтерлік есеп, экономист, заңгер мамандығы бойынша).

Еңбек жолын 1992 жылы аудандық деңгейде салық инспекциясының есепке алу жөніндегі инспекторы болып бастады.

1994-1997 жылдары банк саласында қызметтер атқарды.

1997-2011 жылдары Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша кеден саласында қызмет атқарған;

2011-2013 жылдары Орал қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы,

2013 – 2016 жылдары Жәнібек ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарды.

2016 жылдың мамыр айынан бастап Теректі ауданының әкімі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети