Орал маңында алапат өрт болды. Табиғи апат түнде саяжайға жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Орал маңында алапат өрт болды. Табиғи апат түнде саяжайға жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Өрт 17 шілде кешке басталған. Түнге қарай Жөндеу зауыты, Екінші саяжай аудандарына жақындаған.
"Өрт үйімізге дейін жетеді деп қорқамыз. Егін - ол бір бөлек. Мұнда адамдар тұрады, жалғыз үйі осы", - деді саяжай тұрғыны Людмила.
Арнайы мамандардан бөлек өртті сөндіруге саяжай тұрғындарының өзі қосылған.
"Көрші саяжайлардың тұрғындары көмектесті. Ешкім ештеңе сұрамастан келді және түні бойы көмектесті", - дейді Екінші саяжай тұрғыны Асхат.
Сондай-ақ БҚО Төтенше жағдай департаментіндегілердің хабарлауына қарағанда, мамандар өртті түнімен сөндірген.
"17 шілде сағат 19.00-де Оралда "Урожайный" және "Энергетик" саяжай қоғамдастығының ауданында өрт болды. 8 гектар орман массиві және 17 гектар жердегі құрғақ шөп өртенді. Өрт таңертең сағат 07.40-та сөндірілді. Өртті 100-ден астам адам, оның ішінде ТЖД, орман шаруашылығы қызметкерлері, еріктілер, полицейлер 30-дан астам техниканың көмегімен сөндірді. Қатты жел салдарынан сөндіру қиындап, өрт тез шарпыды. Қазір өрт болған жерде мамандар бар және өртті толық жою шараларын қабылдап жатыр", - деді БҚО ТЖД бас маманы Нұралы Мұсиев.
Аумақта орман өрті бірнеше күннен бері тоқтамай тұр. Ақжайық ауданының өзінде орман массиві және шөп өскен 8 ошақ өртенді. Өрт салдарынан Коловертное ауылында екі үй және бірнеше ауыл шаруашылығы құрылысы қирады. Шығын есептеліп жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!