Орал мектептерінде ондаған сынып карантинге жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал мектептерінде ондаған сынып карантинге жабылды © Тengrinews.kz

БҚО-да 26 мектепте ондаған сынып карантинге жабылды. Бұл туралы әкімдік баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да 26 мектепте ондаған сынып карантинге жабылды. Бұл туралы әкімдік баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап. 

"Бүгінгі таңда Орал қаласы мен БҚО аудандарының бас мемлекеттік санитария дәрігерлерінің қаулысымен оқушылар мен студенттер арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың тіркелуіне байланысты 26 мектепте 38 сынып, орта оқу орнында үш топ және ЖОО-да бір топ карантинге жабылды", - делінген хабарламада.

Жалпы, ел бойынша, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,  коронавирусқа байланысты 241 сынып карантинге жіберліген.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында сабақтар офлайн форматта басталды. Санитария дәрігерінің қаулысында бір сыныпта және топта оқушы немес студенттен коронавирус анықталса, бүкіл сынып/топ ұжымы 14 күндік карантинге кететіні жазылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети