Оралда жергілікті журналист Лұқпан Ахмедьяров жүксалғышында Z әрпі жапсырылған көлікті видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.
Оралда жергілікті журналист Лұқпан Ахмедьяров жүксалғышында Z әрпі жапсырылған көлікті видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 4 наурызда таңертең болған.
"Көлік тізгінінде әйел отырды. Одан: "Көліктің артындағы жапсырма нені білдіреді" - деп сұрадым. Ол шынымен таңғалып: "Қайдағы жапсырма?" - деді. Сосын түсіп қарады. Күйеуі жабыстырған болуы мүмкін екенін айтып, жапсырманы алып тастады да, кетіп қалды", - деді журналист.
Ахмедьяровтың айтуынша, ол Z әрпі бар көлікке назар аударған, өйткені Украина аумағындағы соғысқа қатысып жатқан ресейлік әскери техникаларда да осыған ұқсас белгілер қолданылады.
БҚО ІІД баспасөз қызметі көліктерден латын әріптерімен Z, V немесе O жазылған жапсырмалар немесе жазулар табылса, мұндай көлік жүргізушілері дереу тоқтатылып, себебін анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілетінін ескертті. Көлікті тоқтату видеоға түсіріледі.
Бір күн бұрын Шымкентте полицейлер артқы терезесінде Z белгісі бар көлік жүргізушісіне айыппұл салған болатын.
Otyrar.kz ақпарат агенттігі мәліметінше, жүргізушіге қатысты 590-баптың 5-бөлімі "Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, бес АЕК (15 315 теңге) көлемінде айыппұл салынған.
Ал Ресей Қорғаныс министрлігі Instagram-парақшасында Украинадағы арнайы операцияға қатысқан әскери техникаға қолданылатын латын әріптері нені білдіретінін түсіндірді.
Ведомство мәліметі бойынша, Z - "За победу" шифрланған сөзі, V әрпі "Сила V (в) правде". Сондай-ақ, V "Задача будет выполнена" дегенді білдіреді.
Полиция Алматыда Z әрпі жабыстырылған көлікті тексеріп жатыр
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!