Оралдың Абай алаңында полиция қызметкерлері көшеге той көйлегімен шығып, шаңғы мінген және параққа "Күйеу іздеймін" деп жазған қызды ұстады. Оқиға 8 сәуірде, сенбіде болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Батыс Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі қалыңдық Орал қаласының 23 жастағы тұрғыны екенін анықтаған. Жас қыз осылайша елдердің өзіне назар аударуын көздеген.
© mgorod.kz Юлия Мутылова
"Ол осы әрекетін өзіне назар аударылуы үшін жасағанын айтты. Жеке флешмоб ұйымдастырғысы келген", - деді ведомстводағылар.
Басылым мәліметінше, полицейлер қызды қамауға алмай, тек түсіндіру жұмыстарын жүргізіп үйіне қайтарған.