Орал іргесінде оқушы қатарласын пышақтап тастаған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал іргесінде оқушы қатарласын пышақтап тастаған

Орал маңында оқушылар төбелес шығарды. Қазір оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Орал маңында оқушылар төбелес шығарды. Қазір оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Подстёпное ауылында екі оқушының арасындағы дау пышақтасумен аяқталған.

"Кей деректер бойынша, жанжал әлеуметтік желідегі жазбаға байланысты туындаған", – делінген хабарламада.

Жараланған оқушыға дәрігерлер көмек көрсеткен, өміріне қауіп жоқ. Мектепке пышақ әкелген жасөспіріммен полиция жұмыс істеп жатқаны айтылды. Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сонымен қатар, екі жоғары сынып оқушысының да ата-аналары жауапкершілікке тартылады. Балалар омбудсменінің мәліметінше, пышақ ұстаған жасөспірім жақында анасынан айырылып, әкесі мен әжесінің қолында қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети