Орал тұрғындары мен кәсіпкерлері дизель отыны тапшылығына шағымданды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Оралда дизель отыны тапшылығы байқалады. Дизель отынының тапшылығы мен жоғары тарифтерге байланысты ауыр жүк көліктері мен коммуналдық көліктер жұмысты шектеуге мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Оралда дизель отыны тапшылығы байқалады. Дизель отынының тапшылығы мен жоғары тарифтерге байланысты ауыр жүк көліктері мен коммуналдық көліктер жұмысты шектеуге мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Әсіресе жүк көліктерінің жүргізушілері шағымданып жатыр. Қожа Серікмұратов үш жылдан бері Мәскеуден Алматыға тауар жеткізеді. Бұл жолы ол қалада дизель отынын таппай, рейсті қалай жалғастыратынын ойлап жүр.

"Ресейден кірдім, еш жерде жанармай жоқ, шекарадан 50 литр ғана алдым, басқа таппадым, енді іздеймін. Қыста бірінші рет мұндай мәселе туындады, не істерімді әлі білмеймін. Бұл біз үшін, барша жүргізуші үшін үлкен мәселе", - деді Қожа Серікмұратов.

Бұл жағдай, тұрғындардың айтуынша, бірнеше аптадан бері жалғасып келеді. Ал, жанармай бағасының қымбаттауы облыс орталығындағы коммуналдық қызметтерге де, жолаушылар тасымалына да зиянын тигізуі мүмкін дейді мамандар. Тасымалдаушылар тарифтерді көтеруге мәжбүр болады.

"Жолаушыларды тасымалдау, "Батыс су арнасы", "Жайықжылуэнерго", АЭК, қаланы тазалаудың өзі техниканың жұмысына байланысты, оларға тариф - 125 теңге солярка, ал қазір олар 650 теңгеден сатып алуға мәжбүр, бұл өте үлкен шығын, баға төрт есе өсті", - деді облыс мәслихатының депутаты Тұрарбек Тілемісов.

Депутат жақын маңдағы Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан жанар-жағармай жетіспейтінін атап өтті. Әдетте кәсіпорыннан айына 30 мың тонна дизель отыны жеткізілетін. Шенеуніктер көлем бұрынғысынша қалды деп сендіреді. Олар коммуналдық кәсіпорындар талон арқылы жанар-жағармай құйып жатқанын, еш қиындық жоқ екенін айтып, жүргізушілер арасында дизель отынға үлкен сұраныс жоқ дейді.

Қазір Оралда жазғы дизель отыны табылмайды. Бір ғана жанармай бекеті қысқы дизель отынын сатады. Бірақ 650 теңгеге. Бірақ отынның бұл түрі облысқа Ресейден жеткізіледі. Сондықтан оның құны өсе береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro