Орал тұрғындары жаңа үйлерін бұзу туралы шешімге қарсы шықты. "Кублей" зауытының санитарлық-қорғау аймағы бұзылған деген шағымынан кейін тұрғындардың баспаналарын бұзу керек болған. Алайда пәтер иелері зауыт маңында тұруға қысылмайды, керісінше, тезірек көшіп келгісі келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орал тұрғындары жаңа үйлерін бұзу туралы шешімге қарсы шықты. "Кублей" зауытының санитарлық-қорғау аймағы бұзылған деген шағымынан кейін тұрғындардың баспаналарын бұзу керек болған. Алайда пәтер иелері зауыт маңында тұруға қысылмайды, керісінше, тезірек көшіп келгісі келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орал қаласының тұрғыны Алина Құрманова 2020 жылы "Орал Полимер" құрылыс иесіне пәтер алуға қаражатының бір бөлігін берген. Осылайша, ол Циолковский, 1 деген мекенжайда орналасқан үйлердің біріндегі пәтерге тапсырыс беріп қойған. Алайда биыл ол әкімдіктің "Кублей" зауытына қарсылығына байланысты тұрғын үй кешенінің бұзылуы мүмкін екенін білген.
"Тұрғын үй кешенінің "Кублей" зауытына жақын, санитарлық-қорғау аймағында салынғаны біздің пәтер алатын уақытымызды ұзаққа созып жіберді. Пәтерлерді мамыр айында алу керек едік. Кейбіреулер тұратын жер болмағасын, жалдап тұрып жатыр. Бір үй пайдалануға берілді. "Кублей" 2005 жылы салынған. Жақын маңдағы жеке үйлер 50 жыл бұрын салынған. Демек, "Кублей" жеке үйлер тұрған жерде өндіріс салғанын атап өткім келеді. Біздің үйіміз де 50 жыл бұрын салынған үйлердің деңгейде тұр", - деді ол.
View this post on Instagram
Циолковский ТК-нің салымшысы Асқар Нұржалиев те құрылысты жалғастыруды жақтайды. Оның айтуынша, тұрғындар да, тұрғын үй кешенінің жаңа тұрғындары да зауытқа ешқандай шағымы жоғы туралы шартқа қол қоюға дайын.
"Сот біздің пайдамызға шешіледі деп ойладық, ұзақ уақыт араласпадық. Бірақ болмады. Біз инвестиция салған кезде ешқандай мәселе болған жоқ. Бір үй пайдалануға берілді. Енді тұрғындар осы мәселеге байланысты пәтерлерін сата алмайды. Біз санитарлық аймақ бұзылмаған деп ойлаймыз, өйткені "Кублиде" санитарлық аймақ жоқ, бұл туралы сот алқасында айтылды. "Кублиде" тұру қауіпсіз емес дейді. Бірақ олардың шартты санитарлық-қорғау аймағына жеке сектор да кіреді. Ол "Кублей" тіркелгенге дейін салынған. Жоғарғы сот шешімінен кейін бізді тыңдамайды", - деді Асқар Нұралиев.
Үш сот өтті. Бірінші сатыдағы сот зауыт құқығы бұзылмағанын анықтады. Ал Батыс Қазақстан облысының соты құрылысты заңсыз деп таныды. Кейінірек Орал қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі Жоғарғы сотқа өтініш білдірді, бірақ ол қарастырылмады.
Орал қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ботагөз Түсікбай оқиғаны түсіндірді.
"Қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Соңғы шешім әлі белгісіз. Бірақ құрылыс салушымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бірнеше нұсқа талқыланды. Бір нұсқа - құрылыс салушы басқа мекенжайлардан пәтер беруі мүмкін", - деді Ботагөз Түсікбай.
Тұрғындардың шағымдарына жауап ретінде "Кублей" зауытының басшысы Талғат Берекешев құрылыс салушының жергілікті атқарушы органнан құрылысқа рұқсаты жоқ екенін, сондықтан салымшылардың ақшасын үй құрылысына салуға құқығы жоқ екенін атап өтті.
"ҚР Қылмыстық Кодексінде кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан төленген қаражатты қайтару мақсатында салымшылар қажет шаралар қабылдау үшін прокуратураға жүгінуі тиіс. Егер Циолковский 1 мекенжайы №1 үйдің орналасқан жерін қарасаңыз, ол зауыттан 100 метрден асады, демек консервілеу зауытының санитарлық қорғау аймағын бұзбайды, осы үйдің тұрғындары қауіпсіз өмір сүре алады. Зауыттың жанында тұра ала ма деген сұраққа келетін болсақ, әрбір өнеркәсіптік кәсіпорынның шығарындылары бар екенін түсіну керек, осыған байланысты заңнамада санитарлық-қорғау аймағы белгіленеді. Санитарлық аймақ - халықтың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін тосқауыл. Консерві зауытының санитарлық-қорғау аймағының ортасында тұрғын үйлер жоқ", - деді ол.
"Кублей" ЖШС директоры Талғат Берекешев тұрғын үй кешенін бұзуды неліктен жақтайтынын айтты. Оның айтуынша, "Кублей" ЖШС консерві зауыты Орал қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан және бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Ол 2019 жылдың соңынан бастап Әбілқайыр хан даңғылына жақын жерде "АзияТехСтрой" ЖШС және "Кублей" ЖШС аумағында нысанның құрылысы басталғанын түсіндірді, бұл құрылыс айтарлықтай байқалмаған, өйткені зауыт аумағына жақын жерде өндірістік нысандар мен гараждар тұрды.
"2020 жылдың көктемінде өндірістік нысандар мен гараждар бұзылғаннан кейін тұрғын үйлердің іргетасы мен құрылысын дайындау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Сондай-ақ, осы уақытта "алты және бес қабатты тұрғын үйлердің құрылысы" объектісінің паспорты белгілі болды, онда құрылысқа тапсырыс беруші "Ирменова Ж.С." ЖК және мердігер "ОралПолимер" ЖШС деп көрсетілген. Консерві зауытының санитарлық-қорғау аймағында және Орал қаласының өндірістік аймағында тұрғын үйлер салудың заңсыздығын, мәнсіз екенін түсініп, БҚО прокуратурасы мен МСҚБ-ға тексеру жүргізу туралы өтініш білдірді, бірақ тексеруге мораторий енгізілгендіктен бас тартылды. Бірнеше рет әкімдікке жүгінген, бірақ мемлекеттік қызметшілер қарастыратынын айтқан. Содан кейін қалалық және облыстық мәслихат депутаттарына жағдайды шешуге көмек көрсету туралы өтініш білдірді.
Барлық өтініштерімізге нақты жауап алмаған соң, 2020 жылдың шілдесінде біз Орал әкіміне, "Орал сәулет және қала құрылысы бөліміне" және "Орал жер қатынастары бөліміне" 2019 жылғы 24 қазандағы және 2020 жылғы 22 мамырдағы тұрғын үйлерді орналастырудың егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарын бекіту туралы Орал әкімдігінің қаулыларын заңсыз деп тану, сондай-ақ, мемлекеттік органдар тарапынан әрекетсіздікті анықтау туралы сотқа талап-арыз жолдадық", - деді ол.
Ол "Кублей" сот талқылауы барысында консерві зауытының санитарлық-қорғау аймағында және Орал қаласының өндірістік бөлігінде тұрғын үйлерді заңсыз салу туралы өтініштерге қарамастан, әкімдік 2020 жылғы 23 шілдеде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өндірістен тұрғын үйге өзгерткенін мәлімдеді.
"Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы сот талқылауының нәтижелері бойынша мұқият зерделеп, жер учаскесінде көшпелі сот отырысын өткізіп, Орал әкімдігінің қаулыларын заңсыз деп тану туралы соттың 2020 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысын шығарды, осылайша "Кублей" ЖШС талап-арызын қанағаттандырды. Сонымен қатар, сот тұрғын үйлердің құрылысы қажет құжаттарсыз жүргізілгенін анықтады. Сот ҚР заңнамасына сәйкес жер телімінің нысаналы мақсатын өндірістік деп атағандықтан, тұрғын үйлерді осы учаскеге орналастыруға тыйым салынды", - деп қосты ол.
Сондай-ақ, Талғат Берекешев құрылыс салушы 2021 жылы сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастырғанын, ал МСҚБ өз кезегінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына талон беретінін мәлімдеді.
"2021 жылы құрылыс салушының тұрғын үй құрылысын жалғастыруына байланысты бірнеше рет БҚО МСҚБ және БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігіне заңсыз құрылысты тоқтату туралы өтініш білдірдік. Мемлекеттік органдар тарапынан қандай да бір шаралар қабылданбады, хаттармен ғана шектелді. Нәтижесінде, қазір төрт үй салынды, олардың үшеуі аяқталмаған және зауыттан 100 метр қашықта орналасқан, сондықтан консерві зауытының санитарлық-қорғаныш аймағы бұзылды. Үйлердің бірі салынып, пайдалануға берілді, онда жаңа адамдар қоныстанды, құрылысты салған компания қазіргі проблема туралы тек 2021 жылдың сәуірінде, яғни сот шешімінен 4 ай өткен соң хабардар етті. Сот санына байланысты ҚР Жоғарғы соты жауапкерлер мен құрылыс салушыларға жауап бермей, Батыс Қазақстан облыстық сотының қаулысын өзгеріссіз қалдырды деп айта аламыз", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!