Орал тұрғыны алаяқтарға сенем деп 5 миллион теңге қарызға кіріп кеткен

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал тұрғыны алаяқтарға сенем деп 5 миллион теңге қарызға кіріп кеткен

Орал тұрғыны алаяққа сеніп, 5 миллион теңгеден айырылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Орал тұрғыны алаяққа сеніп, 5 миллион теңгеден айырылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Орал тұрғынына белгісіз адамдар қоңырау шалып, SMS-кодты айтып беруін сұраған. SMS-кодты алғаннан кейін, алаяқтар жәбірленушімен қайта байланысып, өздерін банк қызметкерлері және Қазақстан Республикасы қаржылық мониторинг агенттігінің мамандары ретінде таныстырған.

"Қаражатты қорғау" деген сылтаумен олар әйелдің атына несие рәсімделіп жатқанын хабарлап, операцияны болдырмау үшін арнайы қосымшаны шұғыл түрде орнату қажет екенін айтқан. WhatsApp мессенджері арқылы әйелге бағдарламаны орнатуға арналған файл жіберілген. Алаяқтар жалған қосымша арқылы оның мобильді құрылғысына қашықтан қол жеткізген. Телефонды бақылауға алған қаскөйлер 5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеп, қаражатты өз пайдаларына жаратқан.

"Полиция белгісіз адамдар жіберген сілтемелер арқылы қосымшаларды орнатпауды, ресми банк қосымшаларын тек App Store немесе Google Play арқылы жүктеу керегін еске салады. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мессенджерлер арқылы орнатуға арналған файлдарды жібермейтінін және мұндай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтату керегін ескертеді", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course down  586.74  course down  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети