Орал зообағындағы аюлар қыс ұзақ әрі суық болатынын болжады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал зообағындағы аюлар қыс ұзақ әрі суық болатынын болжады Фото: uralskweek.kz

Зообақ қызметкерлері биыл аюлар өте ерте ұйқыға кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зообақ қызметкерлері биыл аюлар өте ерте ұйқыға кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Оралдағы зообақ қызметкерлері биыл аюлар өте ерте – қарашаның басында ұйқыға кеткенін айтты. Бұл аюлардың бақылауы бойынша қыс ұзақ әрі суық болады дегенді білдіреді екен.

Басылым бейнеоператоры Дарья есімді аю қысқы ұйқыдан тұрып, сергіп, қайта апанына ұйықтауға кірген сәтін түсіріп алған.

Облыстық жас натуралистер станциясының фауна бөлімінің меңгерушісі Шаттыгүл Радиковна Дарья 2002 жылдан бері (станция ашылғалы бері) зообақта тұратынын айтты. Ол 19 жаста. Біраз уақыттан кейін мұнда Устин атты аюды әкелген. 2006 жылы олардың Катя есімді қонжығы туған.

Әдетте, аюлар қысқы ұйқыға кеткенге дейін май қорын жинақтау үшін күздің басынан бастап белсенді түрде азықтана бастайды. Осы кезде станция қызметкерлері азыққа дәрумендерді қосып, ет, жарманың түр-түрін көбірек береді.

Шаттыгүл Радиковнаның айтуынша, жас натуралистер станциясында жануарлар мен құстардың 90 түрі – жергілікті және экзотикалық фаунаның 260 түрі мекендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети