Оралда 10-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда 10-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды

Оралда мектеп оқушысы физика сабағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда мектеп оқушысы физика сабағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұғалімдердің айтуынша, 15 жастағы Даниял сабақ басталар алдында дәлізде сыныптастарымен әдеттегідей жүрген, сөйлескен. Қоңырау соғылып, балалар өз партасына отыра бастағанда ол есінен танып қалған.

"Жедел жәрдем мен дәрігерлерді шақырдық. Ата-анасына телефон соғып, балаға қандай дәрі беру керек екенін сұрадық. Анасы келетінін айтты", - дейді №10 орта мектептің мұғалімі Нұргүл Таңатарова.

Жедел жәрдем тез жеткенімен жасөспірімді аман алып қалу мүмкін болмады. Мұғалімдер оның үлгілі оқушы болғанын айтады. Оныншы сынып оқушысының денсаулығы туралы ұстаздары білмеген. Негізі, сараптама тағайындалды.

"Бала прогрессивті сал ауруымен есепте тұрған. Ата-анасы жазда дәрігерлерге барып, Даниял емделген болатын. Біз оған алғашқы көмек көрсеттік, жасанды тыныс алдырдық. Бірақ құтқара алмадық", - дейді мектеп дәрігері Нұргүл Байғанатова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети