Оралда 120 мың тұрғын сусыз қалып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда 120 мың тұрғын сусыз қалып отыр © Tengrinews.kz

Оралда кәріз коллекторында болған апат салдарынан 120 мың тұрғын сусыз қалып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда кәріз коллекторында болған апат салдарынан 120 мың тұрғын сусыз қалып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 маусымда Оралда Зашаған мен Деркөл ауылдарының арасындағы автожол маңында төтенше жағдай болған. Нәтижесінде қаланың солтүстік-шығыс бөлігінің тұрғындары сусыз қалып қойған.

"Батыс Су Арнасы" ЖШС басшылығының өкілдері қазіргі уақытта жұмыстардың жүргізіліп жатқанын хабарлады. Айтуларынша, кәріз коллекторының апат болған аумағы жөнделеді.

"26 маусымда таңғы сағат 9-да Оралдың солтүстік-шығыс және Деркөл ауылында су өшірілді. Уақытша келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз", - деді Орал әкімдігінің өкілдері.

"Оралдың 120 мыңға жуық тұрғыны сусыз қалып отыр. Облыс орталығының тоғыз нүктесіне су жеткізіліп жатыр. Апаттың нақты қашан жойылатынын айта алмаймыз. Мамандар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр", - деді "Батыс Су Арнасы" ЖШС директоры Нұр Төлеуғалиев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети