Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: 11 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: 11 адам зардап шекті Фото: Мой город

Оралда автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан 11 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан 11 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 17 қыркүйекте сағат 9.20 шамасында Алаш және Светлая көшесінің қиылысында болған. БҚО полиция департаментінің мәліметінше, ГАЗель Next-пен Nissan Teana соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Nissan-ның жүргізушісі мен екі жолаушысы және автобустағы 8 жолаушы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында полицейлер мен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", – дейді Полиция департаментінің өкілдері.

"Батыс Дилижанс" ЖШС автобус паркінің басшысы Владимир Юркевич Nissan-ның жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткенін айтады.

"Өзіміз де нақты ештеңе білмей отырмыз. Онға жуық жедел жәрдем көлігі келді. Автобус жүргізушісін наркологиялық тексерістен өткізуге алып кетті. Іште отырған адамды шығару үшін көліктің оң жағын кесуге тура келді. Жеңіл көліктің жүргізушісі де ауруханаға кетті. Автобус жүргізушісінің сөзінше, ол өз жолымен кетіп бара жатқан, жеңіл көлік жүргізушісі қарама-қарсы бағытқа шыққан. Асқан жылдамдықпен келе жатқан көрінеді", – дейді Юркевич.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети