01 тамыз 2024 16:16

Оралда әйелді өлтірген күдікті ізін суытпай ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Оралда полиция қызметкерлері әйелді өлтірген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Оралда полиция қызметкерлері әйелді өлтірген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыскерді анықтауға оқиға орнында табылған саусақ ізі көмектесті. Оқиға болған жерді мұқият тексеру барысында криминалист маман үйден саусақ ізі қалған әйнек сынығын тауып тәркіледі.

"Одан әрі деректер базасында бірдей саусақ ізін анықтау үшін салыстырмалы талдау жүргізілді. Тексеру барысында саусақ іздері кімге тиесілі екені анықталды. Ол қаза болған әйелмен көршілес тұрған Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны екені белгілі болды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, оқиға орнынан басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 31 шілдеде Оралдағы жер үйлердің бірінен 1957 жылы туған әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіті табылған болатын. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы және Орал қалалық ПБ-ның полиция қызметкерлері дереу жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.6   490.7   5.54 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети