Оралда балабақшаның жылу қазандығында газ жарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда балабақшаның жылу қазандығында газ жарылды ©Нұрғиса Елеубеков

Оралда №47 "Бәйтерек" бөбекжайында газ аралас қоспа атылды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "19.02.2014 күні сағат 08.25-те бөлек тұрған жылу қазандығында газ қазанын пайдалану жағдайының бұзылуынан газ аралас қоспа атылды, оның соңы жалынға ұласпады. Оқиға салдарынан терезе жақтаулары мен қазандықтың кіреберіс есігі сынды", - делінген министрліктің хабарламасында. Жылу жүйесіндегі ақауға байланысты балабақша жабылды. Жарылыстан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнында Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының және "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ, "ГазМонтажАвтоматика" ЖШС мамандары жұмыс істеп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети