08 қаңтар 2024 16:56

Оралда дәмханада болған жарылыс: ғимаратты жалға алушы қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Оралда жарылыс болған дәмхананы жалға алушы қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.


Оралда жарылыс болған дәмхананы жалға алушы қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Тергеу барысында күдікті қамауға алынады.

"Орал тергеу соты кәсіпкерді екі айға қамауға алуға санкция берді. Ол "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді", - деп жазды басылым.

Прокурордың айтуынша, 6 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігінде көзделген "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" қылмысын жасады деген күдікпен дәмхананы жалға алушы ұсталды.

"Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қажет, өйткені жасалған қылмыстық іс-әрекет ауыр қылмыстар санатына жатады. Бұл үшін бес жылдан аса бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Күдікті У. бостандықта болған кезде істі объектив тергеуге кедергі келтіруі мүмкін", - деді мемлекеттік айыптаушы сотта.

Еске салайық, Оралда 4 қаңтарға қараған түні газ-ауа қоспасы жарылып, екі қабатты дәмхана ғимараты опырылған болатын. Төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тапты, тағы бес адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети