Оралда ер адам өзін "шаһид" деп таныстырып, ғимаратта "бомба" барын айтқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда ер адам өзін "шаһид" деп таныстырып, ғимаратта "бомба" барын айтқан "Мой город" басылымы

Оралда белгісіз біреу "Мой город" порталының редакциясы орналасқан ғимаратқа 100 келі тротил қойылғанын айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда белгісіз біреу "Мой город" порталының редакциясы орналасқан ғимаратқа 100 келі тротил қойылғанын айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таймер арқылы жарылатын бомба туралы хат 7 сәуірде кешке электрон поштаға түскен.

"Маған полицейлер қоңырау шалды, олар бомба қойылғаны туралы хабарлама түскенін айтты, редакцияға келуімді өтінді. Редакция зәулім ғимараттың шағын бөлмесінде, сондықтан бұл жалған хабар екеніне сенімді болдым. Кейін тергеу тобының қызметкерлері келді. Құдайға шүкір, олар бізден ешнәрсе таппады. Редакциямызғв кімге және не үшін "бомба қою" керек болғанын түсінбеймін", - деді басылымның бас редактор Әнел Қайнеденова.

Кейін полиция қызметкерлері электрон поштаға "орыс шахиді Андрей Петровтан" хат келгенін, ол хабарламада "бұл билікті мәңгілікке тоқтатуға" уәде бергені жазылғанын айтты.

"БҚО ІІД тергеу тобы қызметкерлерінің тексеруі барысында бұл нысанда жарылғыш құрылғылар, жарылғыш заттар және басқа да күдікті заттар табылмады, жеке құрамды эвакуациялау жұмыстары жүргізілген жоқ. Қазір қаскүнемді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ, министрлік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының санкциясына сәйкес, көрінеу жалған ақпарат тарату айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі мерзімге шектеуге не бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салды.

"Мой город" редакциясы өз қызметін 2011 жылы баспа басылымынан бастады. Қазір бұл холдинг, оның құрамына газет, жаңалықтар порталы, 400 мыңнан аса оқырманы бар әлеуметтік желідегі парақшалар кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети