Оралда ескі үйді бұзу кезінде адам сүйектері табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда ескі үйді бұзу кезінде адам сүйектері табылды © uralskweek.kz

Оралда Пугачев көшесіндегі екі ескі жеке үйді бұзу кезінде экскаватор жиырмаға жуық адамның бас сүйектері мен сүйектерін қазып алған, - деп хабарлайды "Уральская неделя"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда Пугачев көшесіндегі екі ескі жеке үйді бұзу кезінде экскаватор жиырмаға жуық адамның бас сүйектері мен сүйектерін қазып алған, - деп хабарлайды "Уральская неделя"

Куәгерлердің бірі қорқынышты көріністі видеоға түсірген. 53 жастағы ер адам полицейлерге антиквариат-монеталарды іздеу үшін құрылыс жұмыстары орнына келгенін айтқан. Бірақ ол адам қалдықтарын тауып, оны ұялы телефонына түсіріп алған.

Тағы бір куәгер пайдаланылған құрылыс материалын жинау үшін келгенін айтқан. Ол сол жерден адам сүйектерін тапқан. Полиция ер адамнан 11 бас сүйек пен 323 сүйек тәркілеген.

Табылған адам қалдықтары сот сараптамасына жіберілген. Оның нәтижелеріне байланысты қылмыстық іс бойынша заңды іс жүргізу үшін шешім қабылданады. Полицейлердің сөзінше, адам қалдықтарына 60 жыл болса, іс тоқтатылады.

"Ескі Орал" мұражайының қызметкері адам қалдықтарының табылуының екі нұсқасы болуы мүмкін екенін айтқан.

"Бұл аймақта зират болды, өте ескі, XIX ғасырдың ортасында. Екінші нұсқа бойынша, бұл өткен ғасырдың 20-30-жылдарындағы каннибализмнің іздері болуы мүмкін", - деген ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети