Оралда жаңа автобустар ел игілігіне берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда  жаңа автобустар ел игілігіне берілді

Орал қаласындағы қоғамдық көліктердің қатары жаңа көліктермен толықты. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, "Батыс Дилижанс" жолаушыларды тасымалдау компаниясы "Вектор Next" маркалы жаңа 7 автобусты сатып алды. Жолаушыларға лайықталған жаңа қоғамдық көлікте автобустардың жүру бағытын білуге арналған GPS құрылғысы орнатылады. Сондай-ақ арнайы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандус, электронды табло және бейнекамералармен жасақталған.


Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтап, жаңа автобус кілттерін жүргізушілерге табыс етті.

Соңғы екі жылда тасымалдаушы мекемелер "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы 3,2 млрд теңгеге 79 жаңа автобус сатып алған. Автобустарды сатып алу есебінен жылжымалы құрамның тозуы 32%-ға дейін қысқарды. Бұл жұмыстардың бәрі әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау арқылы жүзеге асып отыр. Былтыр осы бағытта қалалық кәсіпорындарға 3,9 млрд теңге көлемінде субсидия берілсе, 2023 жылы 5,2 млрд теңге беріледі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, биыл қалалық тасымалдаушы компаниялар 40 жаңа автобус сатып алуды жоспарлауда.

Материал Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен ұсынылған
Читайте также

Валюта бағамы

 467.98   537.75   6.17 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +31
Ақтау +32
Ақтөбе +30
Атырау +29
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +34
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +32
П
Павлодар +30
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +34
Тараз +38
Түркістан +31
О
Орал +28
Ө
Өскемен +36
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер