18 қараша 2021 | 13:37

Оралда жарылғыш зат қойылды деген ұшаққа қатысты істің мән-жайы айтылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото:elements.envato.com Иллюстрациялық фото:elements.envato.com

Батыс Қазақстан облысының полицейлері Франкфурт - Орал рейсінің жолаушыларын тексеруге қатысты өз нұсқасын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысының полицейлері Франкфурт - Орал рейсінің жолаушыларын тексеруге қатысты өз нұсқасын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұдан бұрын Орал әуежайында полицейлер ұшақ бортында бомба қойылғаны туралы айтылғаннан кейін рейстің жолаушыларын тексергені хабарланған болатын.

Полицияның мәліметінше, 17 қараша күні сағат 22.00-де "Ақ Жол" әуежайының аумағында жоспардан тыс терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілген.

"Осыған байланысты әуежай аумағында арнайы, құқық қорғау органдарының, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері террористік қауіп кезінде әрекет ету алгоритмін пысықтады. Мемлекеттік органдар іс-қимыл алгоритмін пысықтау кезінде Франкфурт - Орал рейсімен келген ұшақтың 8 адамнан тұратын экипажы мен 63 жолаушысын эвакуациялады", - деп хабарлады облыс полициясынан.

Айта кетейік, бұған дейін көліктегі полиция департаменті олардың қызметкерлері "терроризм актісі туралы жалған хабарлау" туралы қылмыстық іс тіркелгенін хабарлаған болатын. Көліктегі полицияның мәліметінше, бұл хабар жолаушыларды тексеруге себеп болған.

БҚО ПД көліктегі полиция өз құзыретінде әрекет еткенін және олардың істі тіркеуге құқығы бар екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети