1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Оралда жаз мезгілінде оқушыларға 42 500 теңге төленеді 20 маусым 2021, 12:17

Оралда жаз мезгілінде мектеп оқушыларына 42 500 теңге төленеді, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.  
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Оралда жаз мезгілінде мектеп оқушыларына 42 500 теңге төленеді, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.  

Телеарна мәліетінше, ол үшін жасөспірімдер ерікті түрде мектеп жұмысына араласуы қажет. Қазірдің өзінде 700 бала қатарға қосылған. Олар аулаларды абаттандыруға, іс-қағаздар мен кітапханаларды реттеуге көмектеседі. Балалардың қауіпсіздігіне білім беру мекемелері жауапты. Еңбек шартына сәйкес, оқушылардың жұмыс уақыты жас ерекшеліктеріне қарай аптасына 36 сағаттан аспауы тиіс. Жоба арқылы жасөспірімдердің демалыс уақытын тиімді пайдаланып, еңбекқорлыққа баулу көзделген. Еңбек маусымы қыркүйекке дейін жалғасады.

"Жоғары сыныптар үшін таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын. Мектептің жеңіл жұмыстарын атқарып жатырмыз. Гүлдердің арамшөптерін жұлып, жеміс ағаштарын баптап, сонымен қатар, кейбір оқушыларымыз мектептің ішіндегі кітапханада кітапханашы апайымызға көмектесіп жатыр", - мектеп оқушысы Нұрсұлтан Қуанышқалиев. 

Қалалық білім бөлімінің әдіскері Анаргүл Меңдіғалиеваның сөзінше, ҚР Еңбек кодексінің 31, 69-тармақтарының орындалуы бойынша педагогтар ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады.

"Қалалық білім беру бөлімінің бастамасымен 7 мектепте "Мектеп. Алма бақ. Оқушы" жобасы бастау алды. Бала қауіпсіздігіне мектеп жауап береді", - дейді Анаргүл Меңдіғалиева. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!