Оралда кафедегі жарылысқа себепші болған тұрғын сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты биыл 4 қаңтарда болған Rizyq кафесінің жарылысына кінәлі адамға айыптау үкімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты биыл 4 қаңтарда болған Rizyq кафесінің жарылысына кінәлі адамға айыптау үкімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталып отырған азамат Rizyq кафесінің басшысы, жеке кәсіпкер. Ол газ жабдықтарын пайдаланудың белгіленген ережелерін бұзған, салдарынан кафе ғимаратының бір бөлігі жарылып, құлады. Оқиға үш адамның өмірін қиды, бес адам әртүрлі дәрежеде дене жарақатын алды.

Прокуратура мәліметінше, сотталушы кінәсін мойындамай, жауапкершілікті өз қызметкерлеріне жүктеуге тырысқан. Алайда, мемлекеттік айыптаушы сотқа бұлтартпас дәлелдер келтіре алғанының арқасында айыптау үкіміне ықпал етті.

"Нәтижесінде сот сотталушыны қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды ("екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу") және әкімшілік-шаруашылық және ұйымдастырушылық-өкімдік қызметпен байланысты басшы лауазымдарды атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады қадағалау органы.

Еске салайық, 4 қаңтарға қараған түні Оралда газ-ауа қоспасы жарылып, Rizyq кафесінің екі қабатты ғимараты құлап, өрт басталды. Оралдағы екі қабатты ғимараттың құлауы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Кейінірек мекеменің жалға алушысы қамауға алынғаны туралы белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети