Оралда қарға тас төсеп жатқандардың видеосы тарады

viewings icon 409 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Оралда қарға тас төсеп жатқандардың видеосы тарады. Жұмысқа тапсырыс берушілер осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Оралда қарға тас төсеп жатқандардың видеосы тарады. Жұмысқа тапсырыс берушілер осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мердігер ұйымның қызметкерлері Ярославская көшесінде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Жергілікті тұрғындар құрылысшылардың қарға тас төсеп жатқанын видеоға түсіріп алған. 

Жұмысқа Тапсырыс беруші Орал қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі (ТКШ, ЖК және АЖ) екені белгілі болды. Мұнда мердігер "Қазқұрылысгарант" ЖШС екені хабарланды. Жоба сомасы - шамамен 85 миллион теңге.

"Бұл жұмыстар бюджет қаражатынан төленбейді. Мердігер ұйым жобаны мерзімінде аяқтай алмады. Біз мердігерді Мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арыз бердік", - деді Орал қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің бас маманы Гүлсана Бердіғали.

Мердігер ұйымның басшысы жұмысты оның қызметкерлері жүргізгенін мойындады.

"Тұрғындар ауданы 15 шаршы метр учаскеде тас төсеу жұмыстарын видеоға түсіріп алған. Бұл көшеде екі жаңа ғимарат салынып жатыр. Ауыр техника төселген тастарды қиратты. Бізде осы құрылыс материалының екі пакеті қалды. Мен оларды осы жерге салуды шештім", - деді "Қазқұрылысгарант " ЖШС директоры Сафа Азизов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro