Оралда кемелердің жаңа түрлері шығарыла бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оралда кемелердің жаңа түрлері шығарыла бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Зенит Орал зауыты" АҚ жаңғыртылатын болады. "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-тың құрамына кіретін кәсіпорын 600 тоннаға дейінгі салмақтағы кемелердің шығарылуын игеруге ниет білдіріп отыр. Өлшемі бойынша бұл кемелер Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жарақтандыруында тұрған таза салмағы 220-250 тоннаны құрайтын корабльдерден 2-3 есеге үлкенірек болады.
Жаңғырту шеңберінде зауытта көп функционалды кемелерді, жүзбелі зертханаларды, тартқыштарды шығаруды, сонымен қатар, келешекте вахталық ауысымды жеткізу кемелерін, іздестіру-құтқару және өрт, сондай-ақ, өзге де техникалық флоттағы қосалқы кемелерді игеру жоспарланып отыр.
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ мәліметінше, мұндай өндірісті таңдау республикамызда бар Каспий теңізінің кен орындарында мұнай газ өнімдерін шығару жүзеге асырылуымен негізделеді. Осыған байланысты, оны іске асыру кезінде теңіз операцияларын қолдау, сәйкесінше, Қазақстанда осы мақсаттарға арналған жеке флот құру қажеттілігі туындайды.