Оралда көлігі Ресейде тіркелген жүргізушілер наразылыққа шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда көлігі Ресейде тіркелген жүргізушілер наразылыққа шықты

Оралда ресейлік тіркеудегі көлігі бар жүргізушілер Абай алаңына жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда ресейлік тіркеудегі көлігі бар жүргізушілер Абай алаңына жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті билік бейбіт жиындар алдын ала ескертілгеннен кейін өтуі керек екенін түсіндірді.

БҚО және қала әкімдіктері маңындағы алаңға 50-ге жуық адам жиналған. Халықпен кездесуге БҚО және Орал қалалары әкімдігіне қарасты басқарма мен Ішкі саясат бөлімі өкілдері шықты. Жүргізушілерге бейбіт жиындарды өткізу тәртібі түсіндірілді. Кейін жұртшылық Орал қаласы әкімдігінің үлкен залына шақырылды.

Тәртіп сақшылары мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының жартысына жуығын шетелде тіркелген көлік жүргізушілері жасаған.

"Биылғы 10 айда шетелде тіркелген көлік жүргізушілері 89 жол-көлік оқиғасын жасап, оның салдарынан 32 адам қаза тауып, тағы 122-сі жарақат алған. 1400 жол-көлік оқиғасы залал келтірген", - деді БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы Мерхат Әженов.

Бұған дейін Қазақстанда Ресейде тіркелген немесе елімізде тіркелмеген көліктерді жаппай тексеру басталғаны хабарланған еді. Мұндай көліктер саны 88 мың болса, оның 9 мыңы БҚО-да. БҚО полицейлері тексеру басталғаннан бері тұраққа 39 көлік алынғанын, оның 21-і айыппұл төленгеннен кейін иесіне қайтарылғанын қосты. Бірақ мұндай көліктерді полицияға тіркеу керек.

Еске салайық, қазір ресейлік тіркеудегі көліктер құқық қорғау органдарының жіті бақылауында. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ресей Федерациясынан әкелінген 88 мың автокөлікке қатысты жағдай Ресей Федерациясынан көлік сатып алған, бірақ оларға құқықты заңдастырмаған қазақстандықтардың әрекетінен туындағанын баса айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети