Оралда кортежбен жүргендер атыс шығарған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда кортежбен жүргендер атыс шығарған

Оралда кортежбен жүргендердің бірі көшеде тапаншадан оқ атты. Осылайша ол салтанатты шараны тойлаған, - деп хабарлайды "Орал апталығы".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда кортежбен жүргендердің бірі көшеде тапаншадан оқ атты. Осылайша ол салтанатты шараны тойлаған, - деп хабарлайды "Орал апталығы".

Полиция бұзақыны ұстап, тапаншасын тәркіледі.

Әлеуметтік желілерде жеңіл автокөлік рөліндегі жігіт жол қиылысында көліктен түсіп, тапаншадан ауаға оқ атқан видеосы таратылады. Видеодан оқиғаның Орал қаласының 6-ықшамауданындағы "Орал" СОО-на жақын жерде болғанын байқауға болады. Ер адамның үйлену той кортежіне қатысушы екені белгілі. Ол ауаға екі рет оқ атып, көлігіне отырғаннан кейін, оның жанынан полиция көлігі өтеді.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі жігіттің үйлену тойының кортежі Нұр көшесіне бұрылғаннан кейін бірнеше минуттан кейін ұсталғанын айтты. 

"Бұл оқиға 20 қарашада болды. Тапанша бірден тәркіленді және сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл сигналдық тапанша болды сондықтан ауыр қару болып табылмайды. Ол "Бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, тексеру кезінде жүргізуші құқығынан айырылса да автокөлікті басқарғаны анықталды. Осы бойынша да әкімшілік хаттама толтырылып, екі іс те әкімшілік сотқа жіберілді", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети