10 қазан 2014 | 15:31

Оралда кішкентай балалары бар отбасы орманда тұрып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Настя Еремина мен оның күйеуі Репек Әбсиметов. ©mgorod.kz Настя Еремина мен оның күйеуі Репек Әбсиметов. ©mgorod.kz

Оралда үш кішкентай баласы бар отбасы орманда тұрып жатыр, - деп хабарлайды "Мой город" порталы. Олардың полиэтилен пленкаман жабылған шатыры Жайықтың жағасындағы саяжай учаскелерінен төрт шақырым қашықтықта орналасқан.


Иконка комментария блок соц сети

Оралда үш кішкентай баласы бар отбасы орманда тұрып жатыр, - деп хабарлайды "Мой город" порталы. Олардың полиэтилен пленкаман жабылған шатыры Жайықтың жағасындағы саяжай учаскелерінен төрт шақырым қашықтықта орналасқан.

24 жастағы Настя Еремина мен оның 44 жастағы күйеуі Репек Әбсиметов орманда жаздың басынан бері тұрып жатыр. Олардың біржарым, үш және алты жастағы үш қызы бар. Ереминаның айтуынша, бұрын олар шешесімен бірге тұрған, кейін онымен жанжалдасып қалып, орманға барып тұруға мәжбүр болған. Отағасы жүк тасушы болып жұмыс істейді. Ол Ташкенттен келген, құжаттары жоқ.

Ерлі-зайыпты орманнан саңырауқұлақ тереді, суды жақын маңдағы құдықтан алып ішеді. Кейде Жайықтың суын қайнатып ішуге тура келеді. Жергілікті журналистердің хабарлауынша, суыққа қарамастан, балалар жеңіл киінген. Күтім көрмегендіктен, олардың үсті-басы кір-қожалақ. Бірақ Еремина балаларын саяжайда тұратын достарының моншасына апарып жуындыратынын айтып отыр.

Орманда тұрып жатқан отбасы жергілікті тұрғындардан көмек сұрайды. "Саяжайлары бар адамдар болса, бір қыс тұрып шығуға рұқсат берсеңіздер екен, біз саяжайды күзететін боламыз", - дейді отағасы Репек. Ерлі-зайыпты балаларына киім-кешек те сұрайды. Жергілікті биліктің бұл отбасы туралы хабары бар ма, жоқ па, әзірше белгісіз.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети