Оралда құрылыс дүкені өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда құрылыс дүкені өртенді Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында құрылыс дүкені өртенді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан "СтройЦентр" дүкенінің қосалқы бөлмесінде жиһаз жанып кеткен. Өрт 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Көпқабатты үйден 57 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның ішінде екі сәби бар. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды жоюға Батыс Қазақстан облыстық ТЖД жеке құрамдағы 40 қызметкері, 12 өрт сөндіру техникасы және Төтенше жағдайлар министрлігі "Жедел-құтқару жасағы" ММ төрт маманы мен бір техникасы жұмылдырылды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.24  course up  591.85  course up  6.49  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети