Оралда мейрамхана мен дәмхана қызметкерлері жұмыс сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда мейрамхана мен дәмхана қызметкерлері жұмыс сұрады © mgorod.kz

Оралда мейрамханалар мен дәмханалардың қызметкерлері қолдарында плакат ұстап, әлеуметтік желілерде суреттерін жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда мейрамханалар мен дәмханалардың қызметкерлері қолдарында плакат ұстап, әлеуметтік желілерде суреттерін жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

Қоғамдық тамақтану орындарының қызметкерлері пандемия кезінде қиын жағдайға тап болғанын осылай жеткізді және жұмыс беруді талап етті.

Instagram-дағы zhaloby_uralsk_official парақшасында мейрамхана қызметкерлерінің "Біз неге өмір сүреміз?", "Несиемді төлеңдер", "Бізге жұмыс беріңіз", "Біз жұмыс істегіміз келеді", "Біз шаршадық", "Балаларыма тамақ беріңдер" деп жазылған плакаттармен түскен суреттері жарияланған. 

Ал мейрамхана иелері мен кәсіпкерлер санитар дәрігердің қаулысы шыққаннан кейін жаңа талаптарға үйренісуге уақыт жетпей жатқанын айтты. Олар 20.00-ге дейін тамақтану нысандарына жұмыс істеудің мәні жоқ екенін түсіндірді, сондықтан ондаған адамды жұмыссыз қалдыруға мәжбүр.

"Біз жабылып, адамдарды таратуға мәжбүрміз", - дейді Орал кәсіпкерлері.

26 қаңтарда БҚО әкімі Ғали Есқалиев жедел штаб отырысында мейрамхана иелеріне карантин кезінде бизнесін үйірме немесе спорт залдарына қайта форматтауды ұсынған. Алайда кәсіпкерлер бұл идеяны қолдамады, себебі ғимараттары ондайға қарастырылмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети