Оралда полицей қызметтік көлікпен қағып кеткен қыздың кім екені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда полицей қызметтік көлікпен қағып кеткен қыздың кім екені белгілі болды © uralskweek.kz

Оралда полицей қызметтік көлікпен қағып кеткен қыздың кім екені анықталды, - деп хабарлайды "Уралськая неделя".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда полицей қызметтік көлікпен қағып кеткен қыздың кім екені анықталды, - деп хабарлайды "Уралськая неделя".

Басылымның мәліметінше, 21 жастағы Лариса Бейсова мамандығы бойынша фельдшер.

Қыздың анасының айтуынша, ол биыл медициналық колледжді фельдшер мамандығы бойынша аяқтаған. Оқуды бітірген соң мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан. Жол-көлік оқиғасы болған күні Лариса жұмыстан үйге қайтып бара жатқан.

"Таңертең Қаратөбеден келдік. Қызыма кіргізбеді, себебі ол жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір дәрігерлерден хабар күтіп отырмын. Есін жиып, жазылып кетеді деп сенемін", - дейді қыздың анасы. 

Оралда полицей қызметтік көлікпен қағып кеткен қызға ота жасалды

Еске салайық, мұның алдында Оралда полицейдің патрульдік көлікпен қызды қағып кеткені хабарланған болатын. Қыз баланы жаяу жүргіншіге арналған жолда қағып кеткен еді. Жол-көлік оқиғасы 18 қарашада түнгі сағат 22.30-да болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети