29 тамыз 2016 | 11:31

Оралда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Екатерина Ларионоваға көлік берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі © БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Орал әуежайында Риодағы Олимпиада ойындарының қатысушыларын күтіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Орал әуежайында Риодағы Олимпиада ойындарының қатысушыларын күтіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шара барысында Олимпиаданың қола жүлдегері Екатерина Ларионоваға KIA Sportage көлігінің кілті табысталды. Ал қалған спортшыларға теледидардан берілді.

"Бүгін біз Риодағы Олимпиада ойындарында лайықты өнер көрсеткен спортшыларымызды қола жүлдегер Екатерина Ларионова, Георгий Шейко, Полина Репина, Алексей Дергунов пен Андрей Ергучевқа құрмет көрсетеміз. Бұл спортшылар еліміздің құрамасы халықаралық деңгейде жоғары көрсеткіш көрсетуі үшін бар күшін салды. Сондай-ақ, біз облысымыздың тумасы Данияр Елеусіновтің алтын медальді иеленгеніне қуаныштымыз. Барлық спортшыны жеңістерімен құттықтаймын. Бұл барлығымыз үшін мақтаныш", - деді облыс әкімі.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, облыс әкімі спортшыларды жарысқа дайындаған бапкерлерге алғыс айтты. Ол Олимпиаданың қола жүлдегері Екатерина Ларионованың әкесі мен бапкері Алексей Ларионовқа ақшалай сертификат берді. Сонымен қатар, облыс әкімі Ларионованың бапкеріне Ларионованың келесі Олимпиада ойындарында алтын медаль алып келуін тіледі. Айта кетейік, облыс әкімі Алтай Көлгінов жуық арада спортшыға пәтердің кілті де берілетінін мәлімдеді. Ал Екатерина Ларионова болса жерлестеріне алғыс айтты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети