25 қаңтар 2019 14:53

Оралда сегіз жастағы баланы аязда автобустан түсіріп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  ia-centr.ru © ia-centr.ru

Оралда № 2 бағытында жүретін автобустың кондукторы сегіз жастағы баланы жол ақысын төлемегені үшін қоғамдық көліктен түсіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Оралда № 2 бағытында жүретін автобустың кондукторы сегіз жастағы баланы жол ақысын төлемегені үшін қоғамдық көліктен түсіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 23 қаңтарда шамамен кешкі алтыда "№31 орта мектеп" аялдамасында болған. 

"Менің ақшам болды. Мен қалтамнан алайын деп іздегенімде, түсіп қалған болып шықты. Кондуктор ұрыса кетті, сосын мені түсіріп тастады", - деді Ерасыл есімді оқушы. Бала үйіне дейін бір сағаттай жаяу жүрген.


© Tengrinews.kz

Оқушының анасы автопарк басшылығына шағым білдірген. "Менің балам сабағынан уақытылы келмеді. Қатты алаңдадық. Не боларын кім біледі. Ол қатты тоңып қалған. Адам өмірі 40 теңгеге татымағаны ма?" - деді оқушының анасы Сандуғаш Шойынжанова. 

Орал қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі осы жағдайға қатысты дереу әрекет етіп, кінәлі тұлғаларды анықтады. 

"Қызметтік тексеру жүргізілді. "Урал ТехСервис" ЖШС басшылығы кондуктордың кім екенін анықтады. Ол өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол жұмыстан босатылды, оны жұмыстан босату туралы бұйрық шықты", - деді бөлім басшысы Айдар Менеев. 

Қазіргі уақытта барлық тасымалдаушы қоғамдық көліктен балаларды түсіріп тастамау туралы ескертілді. 

Анасының айтуынша, Ерасылдың жағдайы жақсы екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети