Оралда шенеуніктер пәтерлерді заңсыз беріп, кезекте тұрғандарды баспанадан айырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда шенеуніктер пәтерлерді заңсыз беріп, кезекте тұрғандарды баспанадан айырған

Оралда шенеуніктер пәтерлерді заңсыз беріп, кезекте тұрғандарды баспанадан айырған. Мұны Антикор анықтады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің мәліметінше, кезекте тұрған 189 адам тізімнен шығып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana арнасына сілтеме жасап.

Антикор пәтерлерді заңсыз берудің 247 фактісін анықтады. Тағы 169 пәтер кезектен тыс берілген, 189 мұқтаж адам тізімнен шығарылған.

"Жеке меншігінде тұрғын үйі бар, бірақ, тізімге іліккен 1000-нан астам адам анықталды. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарынан азаматтарды есептен негізсіз шығарудың 200-ге жуық фактісі анықталды: бұл жетім балалар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар", – деді БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Әлия Денизбаева.

Телеарна мәліметінше, кезектен тыс тұрғын үй алған 169 адамның кім екені белгісіз. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети