Оралда соттың қаулысымен жабылған мейрамханада үйлену тойы өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оралда соттың қаулысымен жабылған мейрамханада үйлену тойы өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оралда мониторинг тобының өкілдері шектеу шараларын бұзғаны үшін сот шешімімен жабылған мейрамханада болып жатқан жаппай іс-шараның жолын кесті.
Қалалық әкімдігінің ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Аслан Жармұханов бұқаралық шара туралы жергілікті тұрғындар хабарлағанын атап өтті.
"Кешкі сағат 20 шамасында біз "Айзат" банкет залына келдік. Ол Жұлдыз шағын ауданында орналасқан. Үйлену тойы туралы ақпарат расталды. Біз келгеннен кейін бір сағат өткен соң мекеме қызметкерлері артқы есікті ашты. Іс-шара қонақтары дүрлігіп, қаша бастады. 150-ден аса адам болды", - деді ол.
Мейрамхананың терезелері фольгамен жабылған, ал көліктер мекеменің артында тұрған.
"Мейрамхана иелері, музыканттар, ұйымдастырушылар сұралды. Барлық материал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды", - деді мониторинг тобының жетекшісі Аслан Жармұханов.
Айта кетейік, "Айзат" мейрамханасы карантинді қасақана бұзғаны үшін қызметі үш айға тоқтатылған алты мекеменің қатарында еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!