03 қазан 2017 | 17:42

Оралда "тыр жалаңаш" полицей: БҚО ІІД тексеру қорытындысын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО ІІД өкілдері учаскелік полиция инспекторының интим суреттері қандай жағдайда және қайда түсірілгенін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

БҚО ІІД өкілдері учаскелік полиция инспекторының интим суреттері қандай жағдайда және қайда түсірілгенін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"БҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізді, соның қорытындысы бойынша мынадай деректер анықталды: 2017 жылы 12 мамырда Орал қалалық Абай учаскелік бөлімшесінің қызметкері Каюпов Ермек Набибуллаұлы, қызметтен бос уақытында, түскі үзіліс кезінде өзімен бірге тұрып жатқан 1975 жылғы Г.М. азаматшамен интим қатынаста болған. Қызметтік тергеу нәтижесінде мемлекеттік қызмет этикасын бұзғаны үшін полиция майоры Каюпов Е.Н, өз қызметінен босатылғаны айтылады", - деді БҚО ІІД өкілдері Tengrinews.kz ресми сауалына.

Еске сала кетейік, осыған дейін интим суреттері желіге тарап кеткен полицейге қатысты тексерістің басталғаны хабарланған болатын.

"Полицияның учаскелік инспекторы бейнеленген делінген ақпараттың Интернет желісінде таралуына байланысты мынаны хабарлаймыз, бұл дерек бойынша БҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс бастады, оның қорытындысы кейінірек хабарладады. Сондай-ақ, Ермек Каюповтың шын мәнінде БҚО ІІБ-де полицияның уческелік инспекторы болып жұмыс істейтінін растаймыз", - делінген еді БҚО ІІД хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети