Оралда ұлымен 9 қабатты үйдің шатырында серуендеген ер адам видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда ұлымен 9 қабатты үйдің шатырында серуендеген ер адам видеоға түсіп қалды

Батыс Қазақстан облысындағы тоғыз қабатты үйдің шатырында арбамен серуендеп жүрген ер адамды куәгер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысындағы тоғыз қабатты үйдің шатырында арбамен серуендеп жүрген ер адамды куәгер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде пайда болған ролик кадрларын видеоға түсірген бір ер адам түсіндіріп тұр: "Міне, Орал қаласы, Захарова, 3. Карантин, көшеге шығуға болмайды. Міне, тоғыз қабатты үй. Ер адам баланы арбаға салып, серуендеп жүр. Есесіне қауіпсіз, коронавирус қорқынышты емес. Бізге бәрібір, баламен бірге жүрміз. Ештеңеден қорықпаймыз", - дейді ол кадр сыртында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЗКО ONLINE (@zkoonline)

Орал қалалық полиция басқармасы өкілдері видеоны қарап, зерделегендерін айтты.

"Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға ер адамды табуға тапсырма бердік. Онымен әңгіме жүргізілді. Арбада отырған оның ұлы екен", - деп хабарлады Орал қалалық ПБ басшысының бірінші орынбасары Жантемір Иманалиев.

Полиция департаменті 2 сәуірдің өзінде төтенше жағдай режимі бұзылған 78 дерек анықталғанын атап өтті. Материалдар сотқа берілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети