Оралда үйі өртенген алты отбасы 145 мың теңгеден алады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда үйі өртенген алты отбасы 145 мың теңгеден алады Фото ©Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Оралда өртенген пәтер иелері әкімдіктен көмек сұрады. Әкімдік алты отбасыға 145 мың теңгеден бір реттік көмек көрсететінін мәлімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда өртенген пәтер иелері әкімдіктен көмек сұрады. Әкімдік алты отбасыға 145 мың теңгеден бір реттік көмек көрсететінін мәлімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Өрт 17 қазанда Өте Мусин көшесіндегі 6 пәтерлі барак типтес ағаш үйде болған. Өрт аумағы 250 шаршы метрді құрады.

Үй иелері сол түні көлікте қонғандарын айтады. Алдымен шатырдан тұтанған от кейін күш алып, ғимаратты түгел шарпыған. Үш пәтер түгел жанып кетсе, қалған үшеуі жартылай зардап шеккен. Алайда, жөндеуге келмейді.

Орал қалалық әкімдігіне қарасты төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Әділбек Қадыровтың айтуынша, үйі өртеніп кеткен тұрғындар әкімдіктен көмек сұрап келген екен.

"Бұл жеке тұрғын үй. Ондағы тұрғындардың бәрі қарапайым адамдар, осыған дейін ешбірінің үстінен шағым түспеген. Арасында көпбалалы отбасы жоқ. Олар өрттен аман қалған заттарын шығарып алуға көлік сұрады. Біз көмектесуге тырысып жатырмыз. Сондай-ақ, комиссия бұл отбасыларға бір реттік жәрдемақы беру мәселесін қарады", - деді Ә.Қадыров.

Белгілі болғандай, өрттен зардап шеккен әр отбасыға әкімдік тарапынан бір реттік көмек ретінде 50 АЕК, яғни 145 850 теңге төленеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети