29 қаңтар 2021 | 17:15

Оралда ұялы байланыс операторлары адам көп жиналатын орындарды бақылауға көмектеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда бұқаралық іс-шаралар санының азаюы байқалады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Алайда адамдар мониторинг тобы өкілдері кіре алмайтын түрлі орындарда жинала бастағанын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Оралда бұқаралық іс-шаралар санының азаюы байқалады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Алайда адамдар мониторинг тобы өкілдері кіре алмайтын түрлі орындарда жинала бастағанын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз мониторинг топтарының жұмысын күшейттік. Бірақ тексеру мақсатында кіру мүмкін болмайтын жабық ғимараттар бар. Олар: компьютерлік клуб, букмекерлік кеңсе, лотерея ойнататын клубтар. Олар тәулік бойы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Орал қаласы әкімдігінің ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Аслан Жармұханов жыл басынан бері мониторинг топтары 30-дан астам шектеу шаралары бұзылған іс-шараларды анықтады деп хабарлады.

Алдағы уақытта мобильді байланыс операторлары мониторингтік топ өкілдеріне көмек көрсетеді. Қазірдің өзінде көпшілік жиналған орындардың картасын ұсыну туралы келісімдер жасалды.

"Қаланың электрон картасында қала аудандары бойынша желі абоненттерінің саны туралы ақпарат көрсетіледі. Картадан адамдар көп жиналған жерлерді көруге болады. Ұялы оператордан алынған деректе жеке тұлға туралы ақпарат көрсетілмейді. Анонимділік сақталады", - деп атап өтті БҚО мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру және архивтер басқармасы басшысының м.а. Петр Лежников.

Бұрын мұндай технология Алматыда қолданылған.

Айта кетейік, Оралда коронавирус жұқтырғандар саны көбейді. Жексенбіде, 31 қаңтар мен 7 ақпанда қоғамдық көлік жұмысы тоқтайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети