20 желтоқсан 2023 | 09:33

Оралдағы жылы аялдамалар неге жылытпайды? Әкімдік түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Медет Медресов Фото Медет Медресов

Орал әкімдігі жылы аялдамалар неге жылытпайтынын түсіндірді. Қыста жылытқыш, ал жазда желдеткіш жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Орал әкімдігі жылы аялдамалар неге жылытпайтынын түсіндірді. Қыста жылытқыш, ал жазда желдеткіш жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жергілікті тұрғындар жылы аялдамалардың мәнісін көрмей отыр. Олардың айтуынша, аялдама тек желге ық, бірақ жағымсыз иіске бола оларда ұзақ тұру мүмкін емес.

Журналист төрт аялдамаға барған, оның екеуінде жылытқыш істемейді. Ішінде және сыртында қоқыс және жағымсыз иіс бар. Мамырда бір аялдамада – "Темір жол вокзалы" кондиционер істемей тұрса, қазір жылытқыш істемейді. "Өлкетану мұражайы" аялдамасында да жылу жоқ.

Жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Мержан Шамуров жылытқыштардың барлығы жақсы жағдайда екенін, бірақ біреулер оны үнемі өшіріп тастайтынын айтты.

"Адамдар өздері бәрін өшіріп тастайды. Аялдамаларда камералар бар, бірақ барлық жазбаларды қарау ұзақ әңгіме. Біз аралап қосып шығамыз, бірақ жарты күннен кейін оларды қайтадан өшіріп тастайды. Біз өзіміз ештеңені өшірмейміз. Біздің адамдар барып бәрін тексереді. Жоспарларда әзірге жаңа жылы аялдамалар салу жоқ. Оларға қызмет көрсететін ешкім жоқ. Біз орындарды сенімгерлік басқаруға жалға береміз, бірақ жалға алушылар көп тұрмайды, бір-екі ай, кейін кетіп қалады", - деп түсіндірді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети