Фото mgorod.kz сайтынан алынды
Орал қаласындағы Абай алаңында жас жігіт өз-өзіне қол жұмсауға тырысты, деп хабарлайды "Мой город" ақпараттық порталы. Оқиға 25 наурыз күні таңғы сағат 9-дар шамасында болған. Әлдебір жас жігіт орталық алаңға ас үй пышағы және "Святые и чудотворцы России" атты кітабын көтеріп келген. Батыс Қазақстан облыстық ІІД Жедел басқару орталығы (ЖБО) операторлары жас жігіттің оғаш қылықтарын байқаған. Олар дереу полицияға хабар берген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнына келем дегенше, жас жігіт бірнеше рет қолын кесіп үлгерген. Тәртіп сақшылары оны ұстап, бөлімшеге алып барған. Кейін өз-өзіне қол жұмсауға талпынған жігіттің аты-жөні анықталды. Ол 1988 жылы туылған Николай Кушнарев болып шықты. Оның не себепті мұндай қадамға баруға талпынғаны әлі белгісіз.
Орал қаласындағы Абай алаңында жас жігіт өз-өзіне қол жұмсауға тырысты, деп хабарлайды "Мой город" ақпараттық порталы. Оқиға 25 наурыз күні таңғы сағат 9-дар шамасында болған.
Әлдебір жас жігіт орталық алаңға ас үй пышағы және "Святые и чудотворцы России" атты кітабын көтеріп келген. Батыс Қазақстан облыстық ІІД Жедел басқару орталығы (ЖБО) операторлары жас жігіттің оғаш қылықтарын байқаған. Олар дереу полицияға хабар берген.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнына келем дегенше, жас жігіт бірнеше рет қолын кесіп үлгерген. Тәртіп сақшылары оны ұстап, бөлімшеге алып барған. Кейін өз-өзіне қол жұмсауға талпынған жігіттің аты-жөні анықталды. Ол 1988 жылы туылған Николай Кушнарев болып шықты. Оның не себепті мұндай қадамға баруға талпынғаны әлі белгісіз.