Оралдықтар қала әкімінің отставкаға кетуін талап етті

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instagram/abat_shynybekov © instagram/abat_shynybekov

Оралда жергілікті тұрғындар қала әкімі Абат Шыныбековтің отставкаға кетуін талап етіп, петиция жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мой ГОРОД сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Оралда жергілікті тұрғындар қала әкімі Абат Шыныбековтің отставкаға кетуін талап етіп, петиция жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мой ГОРОД сайтына сілтеме жасап.

27 наурызда egov.press сайтында жарияланған петицияға 11 938 адам қол қойған.

"Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтің отставкаға кетуін талап етеміз. Абат Шыныбеков қала әкімі болып тағайындалғаннан кейін қала басшысыз қалған сияқты. Халық оның жұмысына наразы, қалада жол-жөндеу жұмыстары нашар жүргізіліп жатыр. Үнемі апат болып тұрады. Қала ай сайын сусыз қалады. Осылай жалғаса берсе, қала тұрғындарының әкім жұмысына наразылық көрсететін себептері жетерлік", - делінген петиция мәтінінде.

Өтініш авторының пікірінше, мәселені тек Мемлекет басшысы шеше алады. Қала әкімінің баспасөз қызметі жағдайды кейінірек түсіндіруге уәде берді.

Абат Шыныбеков 1973 жылы туған. Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылығы институтын "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша және "Еуразия" тілдер және менеджмент институтын "Экономика және менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.

1996 жылдан 2003 жылға дейін мемлекеттік қызметте түрлі жұмыс істеді. 2003-2006 жылдары Казталов ауданы әкімінің орынбасары болды. 2007-2008 жылдары - Орал әкімінің кеңесшісі. 2008-2012 жылдары - "Нұр Отан" БҚОФ төрағасының орынбасары. Бірнеше жыл Орал қалалық мәслихатының хатшысы болды. 2013-2017 жылдары - Сырым ауданының әкімі. 2017 жылы Казталов ауданының әкімі болып, 2019 жылғы тамызда Орал қаласының әкімі болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro