Оралдың экс-әкімі Астанада жаңа лауазымға тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралдың экс-әкімі Астанада жаңа лауазымға тағайындалды Сурет: instagram/abat_shynybekov

Орал қаласының бұрынғы әкімі City Transportation Systems ЖШС астаналық көлік компаниясы төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орал қаласының бұрынғы әкімі City Transportation Systems ЖШС астаналық көлік компаниясы төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметі ақпаратты растады. Абат Шыныбеков бұл қызметке биыл қыркүйекте тағайындалды. Бұл қызметте ол келесі бағыттар бойынша жұмысты үйлестіреді:

  • серіктестік қызметін құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
  • серіктестіктің әкімшілік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету;
  • серіктестік мүдделерін қорғауды және өкілдік етуді қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру.

Айта кетейік, 50 жастағы Абат Шыныбеков бұған дейін 2019-2022 жылдар аралығында Орал әкімі лауазымында жұмыс істеген. Одан кейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ, Орал әкімінің кеңесшісі, қала мәслихатының хатшысы, БҚО Сырым және Казталов аудандарының әкімі болып жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 491.9  course down  582.69  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети