Оралға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы әуежайға қона алмады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы әуежайға қона алмады Фото:2gis.kz

Жолаушылар ұшағы Орал әуежайына қона алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жолаушылар ұшағы Орал әуежайына қона алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

3 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Оралда Орал-Астана рейсі кейінге шегерілді. Алматы-Орал ұшағы Ақтөбедегі қосалқы аэродромға қонды. Бұл туралы басылымға Орал әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

4 желтоқсанда Алматыдан ұшатын рейс кейінге шегерілген. Оралға келудің болжамды уақыты 16:00. Алматыдан келетін тағы бір рейс екі сағатқа кешіккен. Орал әуежайының баспасөз қызметі 3 желтоқсанда сағат 18:00-ден 4 желтоқсанда сағат 04:00-ге дейін көктайғақ болып, жаңбыр жауғанын түсіндірді.

"Бұл ұшу қауіпсіздігіне теріс әсер етеді, өйткені жауын-шашыннан мұз пайда болады. Мұндай жағдайларда әуежай мұзға қарсы реагентті пайдаланады. Әуекомпаниялар ауа райы болжамына және ықтимал тәуекелдерге сүйене отырып, рейстерді орындау бойынша өз бетінше шешім қабылдайды. Төртінші желтоқсанда -3-тен +6 градусқа дейінгі температураның күрт ауысуына байланысты тұман қосылды, бұл көруді қиындатады. Әуекомпаниялар жоғарыда аталған рейстерді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады Орал әуежайы.

Орал әуежайы әуекомпаниялардың жолаушыларға барлық қажетті көмекті көрсетіп жатқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети