22 сәуір 2014 | 14:00

Оралмандар Қазақстан азаматтығын бір жылдың ішінде алуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото strategy2050.kz сайтынан Фото strategy2050.kz сайтынан

Енді, еліміздің кез келген аймағына көшіп келген оралмандарға тең жағдай жасалады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Енді, еліміздің кез келген аймағына көшіп келген оралмандарға тең жағдай жасалады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында Қазақстанның көші-қон заңнамасын жетілдіру тұжырымдамасы қаралды. Оның аясында бірқатар өзгерістерді енгізу ұсынылды. Атап айтқанда, бұрын Үкімет бекіткен аймаққа барған қандастарымызға "оралман" мәртебесі берілсе, өзге өңірлерге келгендер "шетелден келген азамат" деп танылып отырған. "Үкіметтің бүгінгі отырысында біз жаңа өзгерістерді қарап шықтық. Біріншіден, біз этникалық қазақтарға бірдей жағдай жасау мәселесін қарастырдық. Енді, еліміздің кез келген аймағына көшіп келген қандастарымызға "оралман" мәртебесі беріледі. Екіншіден, бұрын оларға Қазақстан азаматтығы жеті жылдың ішінде берілсе, қазір біз бұрынғы тәжірибе - азаматтықты бір жылдың айналасында беру мәселесін қарастырып жатырмыз. Үкімет ол ұсынысты қолдап отыр", - деп атап көрсетті Т.Дүйсенова бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Үшіншіден, еңбек күші аз аймақтарға келетін оралмандар үшін қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. Оның ішінде жол жүру ақысына жеңілдік беру және жалдамалы пәтер ұсыну сияқты шаралар бар. Баспана бес жылға жалға беріледі. Одан кейін оны жеке меншіке сатып алуға болады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 1991 жылдан бері Қазақстанға 944 мыңнан астам оралман көшіп келді. Қазіргі кезде олар Қазақстан халқының 5,5 пайызын құрап отыр. Оралмандар көптеп шоғырланған аймақтарға Оңтүстік-Қазақстан облысы (21,2 пайыз), Алматы облысы (16 пайыз), Маңғыстау облысы (12,9 пайыз) және Жамбыл облысы (9,4 пайыз) жатады. Қандастарымыздың басым бөлігі ТМД елдері, Қытай мен Моңғолиядан келді. Шетелде әлі 3,2 миллион қазақ бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети