21 қаңтар 2014 | 15:57

Ордвей Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі хатшысымен келіссөз жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото np.kz сайтынан Фото np.kz сайтынан

Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары істері бойынша уақытша сенімді өкіл Джон Ордвей Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесі хатшысы Қайрат Қожамжаровпен келіссөздер жүргізді деп хабарлайды Tengrinews.kz Қауіпсіздік кеңесі хатшылығына сілтеме жасап. Нұрсұлтан Назарбаевтың Әкімшілігінде өткен кездесу барысында тараптар өңірлік қауіпсіздік, соның ішінде, Иран ядролық бағдарламасы жөнінде келіссөздер және Ауғанстаннан коалиция жасақтарын шығару мәселелерін талқылады. АҚШ елшісімен арадағы кездесу кезінде қауіпсіздік саласында қазақ-американ екіжақты өзара ынтымақтастықты дамыту жайы да сөз болды. Қожамжаров Ордвеймен бірге Есірткі заттарының, психотропты заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес Орталық Азиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы халықаралық ұйымы шеңберінде есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қою жөнінде де пікір алмасты. Өткен жылдың қараша айында Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары істері уақытша сенімді өкілді Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин қабылдаған болатын. Сол кезде 1993 жылдан бері АҚШ-тың Қазақстан экономикасына құйған инвестициясы көлемінің 24 млрд долларға жуықтағаны айтылған еді. Елімізде экономиканың шешуші салаларында жұмыс істейтін бірлескен кәсіпорындардың саны 300-ден асқан. Джон Ордвей 2004-2008 жылдары АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болды, 2011 жылдан бері еліміздегі АҚШ істері бойынша уақытша сенімді өкіл ретінде жұмыс істейді. 2013 жылы ол Қазақстанның ішкі істер, әділет министрлерімен, бас прокурорымен келіссөздер жүргізді. Иран мәселесіне келсек, Қазақстан тарапы өзінің түйткілді мәселелерді тезірек шешуді жақтайтынын бірнеше мәрте айтып жүр. Еліміз Иранның ядролық мәселесін шешу жөнінде келісім жасаушы "алтылық" үшін кездесу алаңын ұсынған болатын.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети