Украиналық белгілі "Орел и Решка" телебағдарламасының жүргізуші Регина Тодоренко Алматы әуежайында Duty Free дүкенінен сатып алған уылдырық көгерген болып шыққанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Украиналық белгілі "Орел и Решка" телебағдарламасының жүргізуші Регина Тодоренко Алматы әуежайында Duty Free дүкенінен сатып алған уылдырық көгерген болып шыққанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналист Instagram желісіндегі парақшасында осы жайтқа наразылығын білдірген видео орналастырған. "Осындай қымбат азық-түлік алғанда абай болыңыздар. Қара уылдырықты өмірімде бір рет қана - 15 жыл бұрын жегенмін. Енді тағы бір дәмін татайын дедім, ал ол көгерген болып шықты", - деп жазды журналист қыз.
Тодоренконың видеодағы сөзіне қарағанда, ол достарымен Алматы арқылы ұшқан. Duty Free дүкенінде өмірінде алғаш рет қара уылдырық сатып алады. "Қақпағын ашсам, көгеріп кеткен. Көңілім түсіп кетті. Алматыдағы Duty Free қызметкерлеріне айтқым келетіні: сіздер мұндай тауарды қалай сатасыздар? Оның үстіне бұл бес жылда бір рет қана алуға мүмкін болатын қара уылдырық", - деп наразылығын білдірді ол.
"Орел и Решка" - саяхат туралы украиналық бағдарлама. Әр демалыста бағдарламаның екі жүргізушісі әлемнің түрлі қалаларына аттанады. Бағдарлама бойынша олардың бірі сенбі және жексенбіде 100 долларға күнелту керек, ал екінші шектеусіз ақша жұмсайды. Кімге алтын карта, ал кімге 100 доллар ғана бұйыратыны тиын лақтыру арқылы шешіледі.