22 маусым 2016 | 17:45

Орландодағы қырғын: Атқыштың көңілдесі оның бұл іске неліктен барғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

12 маусымда АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған ірі қырғынның себебі кек алу болып шықты. Бұл туралы америкалық Univision телеарнасына өзін Орландода атыс шығарған Омар Матиннің көңілдесі деп таныстырған Мигель есімді жігіт айтты.


Иконка комментария блок соц сети

12 маусымда АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған ірі қырғынның себебі кек алу болып шықты. Бұл туралы америкалық Univision телеарнасына өзін Орландода атыс шығарған Омар Матиннің көңілдесі деп таныстырған Мигель есімді жігіт айтты.

"Мен шындықты айтқым келеді: ол мұның барлығын лаңкестік жасау үшін емес, меніңше, кек алу үшін жасады", - деді Мигель.

Айта кетейік, Мигель мен Омар Матин өткен жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін кездесіп жүріпті. Бастапқыда Мигель өзінің бұрынғы ғашығының АҚШ-та қыркүйек айынан бастап қылмыс жасап жүргеніне сенгісі келмепті.

"Мен білетін адам осындай іске барады деп ойламадым. Пуэрторикалық бірнеше еркекпен жыныстық қатынасқа түскен соң Матин олардың бірінен АИВ жұқтырғанын біліп қойды. Содан ол осы атысты кек алу үшін ұйымдастырды", - деді ол.

Оның айтуынша, Матин қандай да бір ауруды жұқтырып алудан қорықты. Сондықтан ол сол кезде-ақ қажетті сараптамаларды тапсырған. Нәтижесінде ешқандай да вирус байқалмаған екен. Бірақ мұндай вирустар бірден анықталмайды. 4-5 ай күту керек. Алайда Матин олардан әйтеуір кек алғысы келетінін айтқан екен. Айта кетейік, Матин осы әңгімеден кейін Pulse гей-клубында атыс ұйымдастырған еді.

"Ол сол клубқа үнемі баратын, оған қара торы жігіттер ұнайтын. Бірақ кейде ол өзінің гей екеніне қынжылатын. Себебі ол мұсылмандардың дәстүрі бойынша өскен болатын", - деді Мигель.

Бұрынғы ғашығының айтуынша, атқыштың әйелі оның дәстүрлі емес жыныстық көзқарасы туралы білетін. Мигельдің болжамынша, Матиннің бұл көзқарасы жайлы оның әкесі де білуі мүмкін.

Еске сала кетейік, атыс Pulse гей-клубында 12 маусымда жергілікті уақыт бойынша шамамен 02.00-де болған. Шабуылдаушы барда бірнеше адамды кепілге алып, іштен қамалып алған. Полицейлер оның қолында жарылғыш зат бар деп ойлаған. Оқиға орнына 70 полиция автомобилі, итті саперлер және арнайы қызмет тартылған. Құқық қорғау органдары клуб ішінде мақсатты жарылыс жасады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети