Орман алқаптарын қорғау күшейтілмек

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Марат Абилов © Фото Марат Абилов ©

Бұдан былай елімізде экологиялық талапты бұзып, орманды алқапқа залалын тигізгендерге қойылатын талап күшейтілмек деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған қатысты Үкімет басшысының орынбасары Бақытжан Сағынтаев тиісті орындарға орманды сақтау және қорғау бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды. "Заң бұзғандарға қазірде тек айыппұл салумен шектеліп отырмыз. Ендігі уақытта орман алқаптарына заңсыз бір түп ағаш алса, екі түп ағаш отырғызуға заңмен міндеттеу керек" деді Бағытжан Сағынтаев. Жалпы, 2013 жылы Қазақстан аумағында 67, 4 мың гектар алқапта ағаш отырғызылған. Ал 2014 жылы мұндай жұмыстар жалпы ауданы 54 мың гектардан астам жерде жүргізілмек. "Семей орманы" мен "Ертіс орманы" тәрізді ормандарда жыл сайынғы ұдайы ағаш өсіру жұмыстары 5 мың гектардан астам жерде жүргізіліп келеді. Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев Астананың жасыл аймақ құру жұмыстары жалғасып жатқандығын атап өтті. Былтыр қала маңындағы 5 мың гектар алқапта ағаш отырғызылса, 2015 жылға дейін елорда айналысындағы жасыл аймақтың ауданы 75 мың гектарға дейін жеткізілмек.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro