Өрт қаупіне байланысты Алматы тауларын өрт сөндірушілер атпен шолып шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өрт қаупіне байланысты Алматы тауларын өрт сөндірушілер атпен шолып шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Өрт инспекциясы департаментінің инспекторлары және Іле-Алатау ұлттық паркі күзетшілерімен қатар қосқанда 25 адам атпен жан-жақты шолып шықты, демалушыларға өрт қаупі туралы буклеттер таратылды" деп хабарлайды Алматы ТЖД баспасөз хатшысы Гүлшат Дәуренбекова. "Алма-арасан шатқалын алты атты барлап қайтты. Ауа температурасының тым жоғарылығына байланысты біз бақылау жүргізудеміз, жылдың басынан бері қураған алқаптың отқа орануы бойынша 177 факті тіркелген" дейді ол.
Дәуренбекованың айтуынша, келесі атпен барлау шарасы Медеу шатқалында жалғасады. Қалалық департаменттегілер Алматыда 2014 жылдың наурызында қураған шөп пен қалдықтардың өртенуі бойынша 95 жайт тіркелгенін айтады. Өрттің жалпы ауданы 538 мың шаршы метрді (53-тен астам гектарды) қамтыған.
Осы жылдың 1 сәуірінде Алматы тауларында 60 гектар қураған алап жанып кеткен. ТЖД-дағылар бұл өрттің шығу себебі отқа мұқият болмау деп айтады. Өртті бір тәулік бойы сөндірген.